• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
18 Ақпан, 2019

Биатлоннан әлем кубогі кезеңінде эстафета жеңімпаздары анықталды

311 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында биатлоннан әлем кубогінің сегізінші кезеңі аяқталды. Соңғы жарыс күнінде биатлоншылар эстафетадан үздік команданы анықтады деп жазады Olympic.kz. 

Елизавета Бельченко мен Тимур Куц жұбы 19-шы орын иеленді. Олар мәреге 40 минут 2 секундта келді. Бұл сында Италия алтын, Австрия күміс, Франция қола медаль иеленді. 

Аралас эстафетада Владислав Витенко, Роман Еремин, Анастасия Кондратьева, Людмила Ахатовалар сынға түскен болатын. Олар 18-шы сатыға табан тіреді. Франция алтын иеленсе, Германия мен Норвегия тиісінше күміс пен қоланы еншіледі.