• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
04 Мамыр, 2012

Жақсы күнді отбасы болып қарсы аламыз!

369 рет
көрсетілді

Жақсы күнді отбасы болып қарсы аламыз!

Жұма, 4 мамыр 2012 8:25

Қазақстанның Азаматтық альянсы «От­басылық академия» отбасылық тәр­биені насихаттау орталығымен бірлесіп, «Болашақ бүгіннен басталады» акциясы аясында «Көктемді бірге қарсы аламыз!» атты іс-шара өткізді.

Алматы қаласының Медеу ауданы тұрғындарынан құрал­ған отбасылық командалар бұл мерекелік шарада өзара түрлі спорттық ойындар, қызықты викториналар мен конкурстарға қатысып, мектеп жасына дейінгі және оқушы жасөспі­рім­дердің дайындаған концерттік бағдарламаларын тамашалады.

 

Жұма, 4 мамыр 2012 8:25

Қазақстанның Азаматтық альянсы «От­басылық академия» отбасылық тәр­биені насихаттау орталығымен бірлесіп, «Болашақ бүгіннен басталады» акциясы аясында «Көктемді бірге қарсы аламыз!» атты іс-шара өткізді.

Алматы қаласының Медеу ауданы тұрғындарынан құрал­ған отбасылық командалар бұл мерекелік шарада өзара түрлі спорттық ойындар, қызықты викториналар мен конкурстарға қатысып, мектеп жасына дейінгі және оқушы жасөспі­рім­дердің дайындаған концерттік бағдарламаларын тамашалады.

Мерекенің мәнісі – өмірдің бастауындай болып бүкіл та­биғатқа жылылық лебін, жас­тық­тың шуағын себе келетін көктемді көпшілік аса қуа­ныш­пен, барша адамзатқа татулық пен бірліктің, береке мен сый­ластықтың нұрын дарытатын керемет кезеңнің басы екендігін насихаттау. Ұйымдастырушы­лар өз отбасыңнан бастап, бар­лық адам баласына жақсылық тілеу және бейбіт өмірде жақ­сы­лықтар жасауға жас ұрпақты тәрбиелеу ниетімен мерекелік көңіл-күйде осындай шараны ұйымдастыруды қолға алып отыр.

Осындай отбасылық мерекелер, қоғамдық шаралар біздің дәстүрімізге айналуы тиіс. Бұл біздің шаңырағымыздың ауыз­бір­шілігін арттырумен қатар, жастарымыздың патриоттық рухта тәрбие алуына, алдыңғы ұрпақ өкілдерінің жақсы қа­сиет­терін бойларына сіңіріп өсулеріне ықпал етеді. Дені сау, көңілі көркем жас отбасы мү­шелері ұлтаралық келісім мен қоғамдық ұйысудың не екенін біліп, өз балаларын да жақсы істерге шақырып, болашақ ұр­па­ғы­ның биіктерден көріну бақы­тына ие болады.

Елбасы Н.Назарбаевтың Қа­­зақ­стан халқына арнаған биыл­ғы Жолдауында «біздің бола­ша­ғымыз – адам капиталының сапалы өсімінде» деп айтқа­нын­дай, біздің бүгінгі ұрпақ тәр­биесіне жұмсаған күш-қай­ратымыз күні ертең еліміздің тізгінін нық ұстайтын сапалы ұрпақтың игіліктерімен толы­ғады. Сондықтан да аталмыш шараның ұйымдастырушылары мектепке дейінгі және мектеп жасындағы жас ұрпақ тәрбиесі мен қамқорлығын арттырып қана қоймай, білім саласына жаңа технологиялар мен заманауи тәлім беру үлгілерін де сауатты енгізе білуіміз керек деп есептейді.

«Болашақ бүгіннен баста­ла­ды» акциясы аясында өткізіліп жатқан игі шаралар қазақ­стан­дық қоғамды саламатты өмірге, жарқын болашаққа деген сенімділікке бастап отырғаны аян. Еліміздің әр шалғайында осы ұранмен көптеген істер атқа­рылып, тың идеялар, соны шаралар қолданысқа енгізілуде. Жастарымызды қоғамдық істе ғана емес, былайғы өмірде де бірлесуге үйретіп, егемен елдің ертеңіне деген сенімділіктерін арттырды. Ел игілігіне жарай­тын игі идеяны жақсы дәстүрге айналдыру баршамыздың міндетіміз деп қабылдау керек.

Қанат ЕСКЕНДІР,

Алматы.