Алматы облысының аумағын көлбей жатқан Жоңғар Алатауының бөктері жазда саялы, қыста қызықты демалыс орны үшін таптырмайтын қоныс.
Әсіресе, Шығысқа қарай созыла түскен тау алқабында қысы-жазы қызы көрсететін демалатын орындарын ашуға өте қолайлы. Қазір тау етігінде ауылдарды демалыс базасына айналдыру үрдісі басталды. Мысалға, Сарқан ауданында қысқы спорт түрлеріне арналған орталық ашылды. Аумағы 20 гектарды алып жатқан демалыс базасында шаңғы теуіп, конькимен сырғанауға болады.
- Бұл біздің аудан үшін үлкен жетістік. Демалыс орталығында ұзындығы 735 метр болатын шаңғы трассасы және 120 метрлік тюбинг трассасы ашылды. Тауға шалдықпай көтерілу үшін екі жерден аспалы тау жолы тағы бар. Жерлестеріне осындай тамаша кешен салып, демалыс орынын тарту еткен кәсіпкер Мәмбетәлі Атешовке тұрғындар атынан ризашылық білдіреміз, - дейді Сарқан ауданының әкімі Марат Разбеков.
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Egemen Qazaqstan»
Алматы облысы