Шара көлік жүргізушілері арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алуға бағытталған. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Астана қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Астана қаласы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері ағымдағы жылдың 14-16 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде.
«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Астана қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасымен жол-көлік оқиғаларының өсуіне әсер ететін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған бірқатар рейдтік және алдын алу іс-шарасын жүргізуде.
Полиция қызметкерлері масаң күйінде көлік құралдарын басқарумен, қарама-қарсы жүріп өту, маневр жасау, жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінің өту ережелерімен байланысты бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге ерекше көңіл бөледі. Жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша 3000-ға жуық ЖЖЕ бұзу фактісі анықталды.
Оның ішінде 1800-ден астамы көлiк құралы жүргiзушiлерінiң белгiленген жүру жылдамдығын арттыруы бойынша, 90-ға жуығы қауіпсіздік белдіктерін тақпауы бойынша, 60-қа жуығы көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостансаны пайдалануы бойынша, 200-ге жуығы жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша, 10-ға жуығы жүргізушілердің көлік құралын масаң күйде жүргізуі бойынша және т.б.