Өткен аптада Юлия Галышева фристайлдың могул түрінен әлем чемпионы атанды.
Бұл – Қазақстанның қысқы спортындағы 2013 жылдан кейінгі алғашқы алтыны. Осыдан 6 жыл бұрын коньки спортынан Денис Кузин әлем чемпионы атанған еді.
Юлия Галышева осы жетістігі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.
«Құрмет» ордені менің бүгінге дейін алған ең жоғарғы наградам. Бұл әрі қарай тынымсыз еңбектенуге үлкен серпін береді. Мемлекет басшысымен және Олимпиада комитетінің президентімен өткен бүгінгі кездесу еліміздегі спортшылардың қолдаусыз қалмайтынын көрсетеді. Біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр. Биік шыңдарды бағындыру үшін аянып қалмаймыз», деді Ю. Галышева марапаттау рәсімінде.