• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Парламент 18 Ақпан, 2019

Дархан Кәлетаев ауыл жастарының жағдайын жақсарту тетіктерін түсіндірді

339 рет
көрсетілді

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы сөз қозғады. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА хабарлады. 

«Өздеріңіз көріп отырсыздар, Елбасының Жастар форумында берген тапсырмаларының бәрі де аса маңызды және олар өз деңгейінде орындалатын болады. Осы тұста, мына жайтқа да тоқталғым келеді. Бұл - ауыл жастарының мәселесі. Шыны керек, осы жерде отырған көбіміз ауылдан шықтық. Ауыл - Қазақстанның алтын бесігі, біз үшін сакралды туған жер.  Жастар жылында біз ауыл жастары мәселесін жан-жақты шешудің жолдарын қарастырып жатырмыз.

Оның ішінде, Елбасы айтқандай, «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы арқылы ауылға барған жастардың алғашқы жәрдемақысы 100 айлық есептік көрсеткішке өсіп отыр», - деді министр. Оның сөзіне қарағанда, ведомство ауылға баратын жас мамандар үшін арнайы кәсіпорындарда квотаның санын ұлғайту, білім гранттарын көбейту мәселесін қарастырып жатыр. «Ауылдық жердегі инфрақұрылымды жаңарту, жаңа жұмыс орындарын, медициналық-мәдени ошақтардың құрылысын салу Аумақтық даму жоспарларына нақты енгізілуі қажет деп есептейміз.

Сондай-ақ, «Серпін», «Жас маман», «Жас кәсіпкер» бағдарламаларының  мақсаты бір - ауыл жастарының ахуалын жақсарту. Әрине, бүгінгідей урбанизациялық, цифрлық, жоғары технологиялық дәуірде ешкімді ауылға байлап отыра алмайсың. Алайда, тым болмағанда, ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайы қаламен теңесе бастайтын болса, ауылдың оты ешқашан өшпейді деп ойлаймын!», - деді Дархан Кәлетаев.