• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
18 Ақпан, 2019

Алексей Полторанин Италиядағы әлем кубогі кезеңінде мәреге 4-ші болып келді

374 рет
көрсетілді

Шаңғымен жарысудан Италияның Когне қаласында өткен әлем кубогі кезеңінде Алексей Полторанин жүлдеге сынық сүйем жерден тоқтады деп жазады Olympic.kz. 

15 шақырымға классикалық әдіспен жарысуда қазақстандық шаңғышы көш басындағы ресейлік Александр Большуновтан 1:00.8 минутқа қалып қойды. 

Күміс жүлдені финляндиялық Иво Нисканен иеленсе, қола жүлде тағы бір ресейлік спортшы Александр Бессмертныхқа бұйырды. 

Алексей Полторанин 19 ақпан күні Австрияның Зеефельд қаласында басталатын әлем чемпионатына дайындық үстінде. Бұл қазақстандық шаңғышының маусымдаңы ең басты бәсекесі болмақ. 

Әлем чемпионатына Қазақстан командасы сапынан 12 спортшы қатысады.