Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті республика аумағында қасқыр санын реттеу жөніндегі межені белгіледі.
Аталған лимитке сәйкес, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 қаңтар 2019 жылға дейінгі кезеңде 4839 қасқырды өлтіруге рұқсат етілген. Ал жалпы Қазақстанда 13214 қасқыр бар.
Ең көп қасқыр Алматы облысына тиесілі. Онда барлығы 3000 қасқыр бар. Одан кейінгі орында 2060 бас қасқырмен Атырау облысы тұр. Ал үшінші орынға Қызылорда жайғасқан. Ең аз қасқыр тіркелген аймақ - Ақмола облысы. Ал Солтүстік Қазақстан облысында түз тағысы қалмапты.
Әлем бойынша 300 000-ға жуық сұр қасқыр бар. Қазақстан түз тағысының саны бойынша алғашқы орынға енген.