• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Ақпан, 2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері дабыл бойынша көтерілді

525 рет
көрсетілді

Генерал-майор Әмір Халықов бастаған Қорғаныс Министрлігі Бас инспециясының бір топ офицерлері еліміздің Батысындағы әскери бөлімдердің жауынгерлік даярлығы мен әзірлігін сынауда.

Тексерістің басты мақсаты – әскери бөлімдердің жауынгерлік даярлығы мен жауынгерлік әзірлік деңгейін бағалау. Осы уақытта, өңірдегі бес әскери бөлім тексерістен өтті, оның ішінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының Басқармасы бар.

Тексерісті толыққанды және жан-жақты өткізу үшін теориялық тестілеулер мен іс жүзіндегі сынақтар қабылданды. Тестілеу жалпыәскери жарғылар, жедел даярлық өнері, мемлекеттік-құқықтық дайындық, техникалық дайындық және мемлекеттік құпияларды сақтау пәндерінен өтті. Сонымен қоса, офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, сарбаздар өздерінің жоғары жауынгерлік даярлығын дене және атыс жаттығуларын орындау барысында дәлелдеп шықты. Тексеріске «генералдан соңғы сарбазға дейін»  түгел қатысты.

Қорғаныс Министрлігі Бас инспекциясы жұмысындағы маңызды сәттердін бірі, түрлі деңгейдегі жауынгерлік әзірлік жағдайына келтірген кездегі тәжірибелік іс-әрекеттердің үлесімділігі болды. Мәселен, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының Басқармасы жауынгерлік даярлықтың жоғары дәрежесіне келтіріліп, 25744, 51051-К және 41321 әскери бөлімдерімен бірге Атыраудағы «Карабатан» және Ақтаудағы «Оймаша» оқу полигондарына шығарылды. Өңірлік қолбасшылықтың қолбасшысына батыс стратегиялық бағытында арнайы әскери іс-қимылдарды өткізуге ұйғарым берілді.

Қорғаныс Министрлігі Бас инспекциясының еліміздің батысындағы жұмысы наурыз айының басына дейін жалғасады, бұл аралықта аймақтағы барлық әскери бөлімдер мен құрылымдар тексерістен өтіп, сәйкес бағасын алады.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Маңғыстау облысы