• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
08 Мамыр, 2012

Ең тыныш ел – Қазақстан!

581 рет
көрсетілді

Ең тыныш ел – Қазақстан!

Сейсенбі, 8 мамыр 2012 7:45

Мен Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық сессиясының қатысушысымын. Өзім куә болған осы тарихи сәттер, тарихи жиы­лыстың әрқайсысы да өзіндік ерекшелі­гімен менің жадымда. Бұл жолғы сессия біздің барлығымыз үшін аса маңызды да мағы­налы болуымен құны бөлек десем, қателес­песім анық.

 

Сейсенбі, 8 мамыр 2012 7:45

Мен Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық сессиясының қатысушысымын. Өзім куә болған осы тарихи сәттер, тарихи жиы­лыстың әрқайсысы да өзіндік ерекшелі­гімен менің жадымда. Бұл жолғы сессия біздің барлығымыз үшін аса маңызды да мағы­налы болуымен құны бөлек десем, қателес­песім анық.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев осы сессияда сөйлеген сөзінде тек ҚХА мүше­леріне ғана емес, бүгінгі біздің бейбіт қо­ғам­да өмір сүріп отырған әрбір қазақ­стан­­дық азаматқа алдағы маңызды бағыт­тарды көрсетіп бергендігін айтуымыз керек. Тұ­рақ­тылық, Бірлік, Жаңғырту – бұл біздің еліміздің бүгінгі бейнесі және болашағы­мыздың кепілі. Нұрсұлтан Әбішұлының әр сөзі осындай нақты ұстанымдардан тұрады және уақыт өте келе Елбасы сөзінің стра­тегиялық маңызы аса құнды екендігіне көзі­міз жете түсетіні күмәнсіз.

Мұнан өзге, Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамындағы әрбір этномәдени бірлестіктердің келешекте ұстанар берік ұста­нымын да айқындап берді. Әлемдік өрке­ниет­ке өз бейнемізді таныту үшін ағылшын тіліне жетік болып, еларалық қатынаста орыс тілі­нің көмегіне қалай сүйенсек, барша­мыздың қазақстандық екендігімізді танытатын қазақ тіліне де мейлінше үлес қосып, мемлекеттік тілдің аясын кеңейту жолында қоғам болып күш салуымыз керектігін жет­кізді. Біз Президентіміздің бұл тапсырмасын бұлжыт­пай орындайтынымызға сенім­діміз. Оның айғағы ретінде, сессия кезінде үзіліске шық­қан түрлі ұлт өкілдерінің қазақ тілінде бір үйдің балаларындай шүйіркелесіп жатқан сәтін көріп көңіл сендірдік.

Бұл сессияда сөйлеген Елбасы сөзінің тағы бір ерекшелігі, экономикалық әлеует пен саяси қарым-қатынасты нығайтудан өзге, еліміздің болашағы – жастардың бүгіні мен ертеңіне аса мән беруді тапсырғандығы. Біз жас ұрпақты елін сүйетін, мемлекетінің бір мүшесі ретінде өз жауапкершілігін терең түсі­нетін рухы биік, жас маман етіп тәрбие­леуіміз керек. Біздің болашағы­мыздың білімді һәм білікті болып қалыптасуы алдыңғы буын өкілдері – біздердің мойнымызда.

Президент бір сөзінде бұрынырақ тарихи отандарына кетіп, қайтадан қазақ даласына, Қазақ еліне оралып жатқан отбасылар туралы да айтып өтті. Өзімнің де туыстарым Волгоградтан қайта көшіп келген­діктен, Елбасының айтқандарының ақиқат екендігіне тағы да көз жеткіздім. Рас, қайда бармайық, біз Қазақстан секіл­ді бейбіт­шілігі мен ынтымағы, берекесі мен бірлігі жарас­қан қоғам таппайтынымыз анық. Сырт елдердегідей әсіре ұлт­шылдық, тапқа бөлу, шеттету секілді келеңсіздіктердің біз­дің қоғамнан көлең­кесін де көрмейсіз.

Ең тыныш ел, баршамыздың ортақ үйіміз – Қазақстан! Келешек ұрпаққа осы тату­лық пен ынтымақты аялап жеткізу пешенемізге бұйырсын демекпін.

Алексей ЦЕХОВОЙ, «Халықаралық ақпараттандыру академиясы» қоғамдық бірлестігінің бірінші вице-президенті, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ профессоры.

Алматы.