Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі А.С. Смадияров мәлімдеді.
22 ақпанда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшылары орынбасарларының кеңесі өтеді. Қазақстандық делегацияны Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин басқарады. Аталған отырыста Еуразиялық экономикалық одағы шеңберінде интеграциялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қарастырылады деп жоспарлануда.
«Еуразиялық экономикалық одағы аясында интеграциялық жобалар перспективаларына, Одақтың Сербиямен Еркін сауда туралы келісім жасасу туралы келіссөздерге, Одақ және Қытай кедендік шекаралары арқылы тасымалданатын тауарлар мен халықаралық көлік құралдары туралы ақпарат алмасу туралы Келісім жобасына ерекше назар аударылатын болады», деді ол.
Жалпы, Кеңес отырысының күн тәртібіне 22 мәселе кіреді, оның 8-і шағын құрамда қаралады деп жоспарлануда.