Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен Бейбітбек Шыңдалыұлы Жайлыбаев жер инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Б. Жайлыбаев1971 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Алматы зооветеринарлық институтын, Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін зооинженер, экономика бакалавры мамандықтары бойынша бітірген. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1994 жылы Алматы облысындағы қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аспиранты болып бастаған. Әр жылдары Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы ауыл шаруашылығы ұйымдарында қызмет еткен. 2005-2015 жылдары Тұрар Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, аудан әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2015-2016 жылдары Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі болып жұмыс істеген.
2016 жылдан осы күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы болған.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы