Болгариядағы «Странджа» турнирінде бес қазақ боксшысы финалға өтті. Жартылай финалдық бәсекелердің барлығы біздің спортшылардың басымдығымен аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz
49 келідегі Теміртас Жүсіпов жартылай финалда аргентиналық Леандро Хосе Бланконы 4:1 есебімен тізе бүктірді.
60 келідегі Зәкір Сафиуллин өзбекстандық Шункор Абдурассуловты 4:1 есебімен жеңді.
64 келідегі Санатәлі Толтаев бразилиялық боксшы Андерсон Оливейрадан 3:2 есебімен басым түсті.
69 келідегі Абылайхан Жүсіпов украиналық Евгений Барабановты 5:0 есебімен ұтты.
91 келідегі Василий Левит бразилиялық Абнер Джуниорды жартылай финалда тоқтатты.
Қазақстан боксшылары финалда төмендегі спортшыларға қарсы жұдырықтасады:
Теміртас Жүсіпов – Амит (Үндістан)
Зәкір Сафиуллин – Артур Субханкулов (Ресей)
Санатәлі Толтаев – Алексей Мазурь (Ресей)
Абылайхан Жүсіпов – Бобо-Усмон Батыров (Өзбекстан)
Василий Левит – Садам Магомедов (Ресей)
Финалдық кездесулер бүгін Астана уақытымен 18:00-де басталады.