«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Қазақстан жастарының білім беру жүйесі туралы пікіріне сүйенген әлеуметтік зерттеулер мәліметтерін ұсынады.
Жастардың алған немесе алып отырған білімдерінің сапасына қанағаттану деңгейі әртүрлі: білім беру жүйесін 5-балдық жүйе бойынша бағалау ұсынылғанда респонденттердің 35,2%-ы өз өмірінің осы қырын 5 балға, 42,3%-ы – 4 балға, 15%-ы – 3 балға, 4%-ы – 2 балға және 1,6%-ы 1 балға бағалады.
«Өзіңіздің алған немесе алып жатқан біліміңіздің сапасына қанағаттану деңгейіңіз қандай?» сұрағына бағалау үшін орта мәні жоқ 4 шкала берілді: бірінші полюсте оң бағалар – толығымен қанағаттанамын және қанағаттанамын деуге болады, басқа бір полюсте – толығымен қанағаттанбаймын және қанағаттанбаймын деуге болады. Алынған мәліметтерге сәйкес, 81,7%-ы өзінің білімімен қанағаттанады, сондай-ақ олардың арасында толығымен қанағаттанатындардың үлесі 30% құрайды. 15,5% − қанағаттанбайды.
Мәліметтерге сәйкес, барлық жастағы топтардың өкілдері өзінің алған біліміне қанағаттанады екен. Көрсеткіштер 79,6%-дан 84,8%-ға өзгеріп отырады. Қалай болғанда да, жас ерекшелігі үлкен болған сайын, қанағаттану деңгейі төмен, ең төменгі көрсеткіш − 79,6% және ол 24-28 жастағы респонденттер тобында кездеседі. Қалада тұратын жастардың қанағаттану деңгейі – 83,4%. Ауыл жастарының көрсеткіші 79,6%.
Жастардың көзімен қарасақ, бүгінде білім беру саласындағы өзекті мәселелердің қатарына білім алу құнының жоғары болуы, кадрлардың тапшылығы, оқу орындарын қаржыландыру деңгейінің мардымсыздығы, содан туындайтын салдар ретінде әлсіз техникалық жабдықталу мен заманауи оқулықтардың кемшілігі жатады.
Аида СЫЗДЫҚОВА,
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы