• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Үкімет 19 Ақпан, 2019

Мектеп оқушыларының 94%-ы электронды күнделік қолданады

565 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевың төрағалығымен өтіп жатқан үкімет отырысында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев баяндама жасады.

Миистрдің айтуы бойынша, еліміздегі білім беру жүйесі толықтай цифрландырылған. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 64%-ы электронды өтініш қабылдайды. Ал мектеп оқушыларының 94%-ы электронды күнделік бағдарламасын қолданады. Бұл ауыл мектептері мен қала мектептері арасындағы алшақтықты 30%-ға төмендетуге себеп болған.

Ақпарат және коммуникациялар министрі одан бөлек «Қазпошта» АҚ қызметтері де цифрландыру арқылы тапсырыс жеткізу мерзімін қысқартқанын айтты. Мәселен, ел ішіндегі пошта тасымалдауы 3 күннен 1 күнге қысқарса, халықаралық тасымалдар 25 күннен 15 күнге жеткен.