• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Ақпан, 2019

Алматыда 9 миллион теңгені ұрлап кеткен топ қолға түсті

609 рет
көрсетілді

31 жастағы алматылық тұрғын бір күннің ішінде осындай үлкен соманы жоғалтып алды. Ол қолма-қол ақша салынған сөмкені өзінің көлігінің ішіне тастап кеткен. Қаскөйлер осы жағдайды пайдаланып, автокөліктің терезесін сындырып, сөмкені алып кеткен. Бұл туралы Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

«Күдіктілердің жеке тұлғаларын бірден анықтадық, олар 4 адамнан  құралған топ болып шықты және оларды ұстау үшін біршама уақыт кетті. Қазіргі таңда екі негізгі айыпталушы ұсталды, қалған екеуі – іздестірілуде. Оларды ұстау – уақыттың еншісінде. Айта кету керек, күдіктілер – Шығыс Қазақстанның тұрғындары. Солардың бірі – 45 жастағы К.есімді азамат, Алматы облысының аумағында біздің бөлімшенің қызметкерлерімен ұсталды, ал, екінші адам – 49 жастағы А.есімді азамат, қаладан шығып кетуге үлгермеген, біз оны Алатау ауданында анықтадық. Қазіргі уақытта олар қамауда отыр. Күдіктілердің досьесінен: ер адамдар бөтеннің мүлкін ұрлағаны және қарақшылық жасағандары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған», - деп хабарлады Алматы қалалық ПД Қылмыстық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Есен Ысқақов.

Басқа біреудің мүлкін ұрлау фактісі бойынша Бастандық аудандық полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 188 бабы 3 тармағында көзделген қылмыс негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.