• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Ақпан, 2019

2018 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 38,3 мың займ берді

500 рет
көрсетілді

Тұрғын үй құрылыс жинақ банк жүйесі бойынша 660,6 млрд. теңге жинағы бар 1,3 млн. салымшы тіркелген. Бұл салымшылар мемлекеттік қолдау шаралары есебінен баспаналы болуға үміттенген «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының әлеуетті қатысушылары. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек хабарлады.

«64,7 мың салымшының 195,9 млрд. теңге жинағы бар. Өткен жылы банк 360 млрд. теңгенің 38,3 мың займын берді. Бұл 2017 жылдың деңгейінен 48%-ке артық ( 2017 жылы 243 млрд. теңгенің 28,7 мың займы берілді). Жалпы, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі баспана алудың ең тиімді инструменттерінің бірі», - деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қатысушыларын несиелеу үшін 5 жылда (2017-2021 жж.) 120 млрд. теңге бөлу қарастырылды. «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң аясында 2019 жылға 28 млрд. теңге бөлу қолдау тапты. Бюджеттік кредит  Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жылдық 0,15%-пен 20 жылға  беріледі.

«Салымшыларға берілетін займдар бастапқы жарнасы 20%-ке дейін болған жағдайда 25 жылға 5%-пен беріледі. Мысалы, құны 8,4 млн. теңге болатын пәтердің (60 шаршы метр екі бөлмелі пәтер) ай сайынғы төлемі 60 мың теңгені құрайтын болады. Бөлінген қаржы 3111 салымшының қолжетімді займ алуларына мүмкіндік береді», - деп хабарлады министр Жеңіс Қасымбек.

Бұл қаржы алдағы 15 жылда 3 рет айналымда болады, яғни тағы 6 мың салымшыға займ беріледі. Бүгінгі күні Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі алған 69 млрд. теңгенің есебінен 74,5 млрд. теңгені құрайтын 9 057 займ берілді.