• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Бокс 19 Ақпан, 2019

Абылайхан Жүсіпов Софиядағы турнирдің күміс жүлдегері атанды

527 рет
көрсетілді

Қазақстан құрамасының мүшесі Абылайхан Жүсіпов бокстан «Странджа» турнирінің финалдық жекпе-жегіне шығудан бас тартты деп хабарлайды Olympic.kz. 

69 келідегі ел чемпионы украиналық Евгений Барабановқа қарсы өткен жартылай финал кездесуінде қолынан жарақат алған. Сол себепті, Жүсіпов ақтық жекпе-жекке қатыспай, турнирдің күміс жүлдегері атанды. 

Болгарияның София қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде бес қазақстандық боксшы финалға дейін сүрінбеген болатын.

Бүгін Теміртас Жүсіпов (49 келі), Зәкір Сафиуллин (60 келі), Санатәлі Толтаев (64 келі) және Василий Левит (91 келі) алтын медальға таласады.