• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Ақпан, 2019

Қарағандыда 24 000 жер үйге газ құбыры тартылады

1140 рет
көрсетілді

Қарағандыда газ құбырының ұзындығы 1100 шақырымды құрайтын болады. Қазір қала 4 кезекке және 16 іске қосу кешеніне бөлінген. Газдандыру жеке сектордың 24 мың үйін, сонымен қатар  өндірістік 100 кәсіпорын мен шағын және орта бизнестің 300 нысанын қамтиды.

Бұл туралы тұрғындар алдында есеп берген Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров мәлім етті.

Сөз жоқ, газдандыру облыс орталығындағы экологиялық жағдайдың оңалуына игі әсерін тигізеді. Мысалы, өндіріс қазандықтарынан ауаға тарайтын қалдықтар 5 есеге, ал жеке сектордағы жер үйлердің мұржасынан шығатын улы түтін 14 есеге азаймақ.

Қазіргі таңда КАТЭК жобалау ұйымы Қарағанды қаласындағы газ таратқыш желілерді жобалау жұмыстарын аяқталып, ол мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды