Мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендеріне талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету» жобасы іске асырыла бастады. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Үкімет отырысында мәлімдеді.
«2018 жылы 144 мыңнан астам адамды қамтитын 56 Ауылды Елді мекен сапалы интернетпен қамтылды. Негізгі мақсат - 1 249 елді мекенді Кең Жолақты желімен қамтамасыз ету. Жобаны жүзеге асыру барысында 20 мың шақырымды құрайтын талшықты-оптикалық желі құрылысын салу жоспарланып отыр», деді Д.Абаев.
Оның айтуынша, 2018 жылы - «Трансеуразия суперақпараттық магистраль» халықаралық жобасы бойынша Каспий теңізі арқылы Қытай, Оңтүстік Шығыс Азия және Еуропаны біріктіретін, 15 000 километрден астам талшықты-оптикалық магистраль салу жұмыстары жалғасып жатыр.