• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Ақпан, 2019

ТМД елдерінің басшылары ортақ мәлімдеме жасайды

962 рет
көрсетілді

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) елдерінің басшылары Ұлы Отан Соғысының басталғанына 80 жыл толуына орай ортақ мәлімдеме жасамақ. Бұл туралы ТМД атқарушы комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«28 ақпанда Минскіде ТМД штаб-пәтерінде Ұлы Отан соғысының басталуына 80 жыл толуына орай Тәуелсіз мемлекеттер достастығы мүше-елдері басшыларының мәлімдемесі жобасын келісу бойынша сараптамалық топтың отырысы өтеді» делінген хабарламада. 

Екінші дүниежүзілік соғыс – адамзат тарихындағы ірі қарулы қақтығыс, ол 1939 жылы 1 қыркүйекте басталып, 1945 жылы 2 қыркүйекте аяқталды. Соғысқа 62 мемлекет немесе Жердегі сол кездегі халықтың 80%-ы қатысты. Алғаш рет ядролық қару қолданған соғыста адам шығыны 70 миллион деп бағаланды. 

Екінші дүниежүзілік соғысқа немесе Ұлы Отан соғысына шамамен 1,5 млн қазақстандық қатысты. Оның ішінде шамамен 400 мыңы қаза тапты.