• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Ақпан, 2019

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

1776 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлы тағайындалды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қосман Қайыртайұлы 1963 жылы 29 тамызда Целиноград облысы Ерментау ауданы Бестөбе ауылында туылған. Еңбек жолын 1983 жылы Целиноград облысы Селетин ауданы «Изобиль» совхозы 2-бөлімшенің жұмысшысы болып бастаған.

1983-2014 жылдары Целиноград облысы Бестөбе АТК жабдықтау бойынша инженері, Ақмола облыстық мемлекеттік пошта байланысы қызметі Автобаза байлынысының директоры, пошта тасымалдау бойынша арнайы автокөлік кәсіпорнының бастығы, «Қазпошта» ашық акционерлік қоғамы «Астана поштамт» Астана қаласы филиалының бастығы, Астана қаласы «Горкоммунхоз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бас директорының орынбасары, директоры, «Астана Горкоммунхоз» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, «Кредит Құрылыс НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндіріс директорының орынбасары, Ақмола облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, әкімі, Қазақстан Республикасы Аумақтық даму вице – министрі, Ұлттық министрлігі құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің және жер ресурстары басқармасының төрағасы болып қызмет жасаған.

2014 жылдың қараша айынан бүгінгі күнге дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.