• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
15 Маусым, 2012

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

702 рет
көрсетілді

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Жұма, 15 маусым 2012 6:55

Қазіргі таңда елімізде 18 мыңдай үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олардың басым бөлігі денсаулық сақтау, жастар ісі, білім, әлеуметтік салада табысты қызмет етуде. Аталған бағыттар бойынша мемлекет тарапынан да орасан зор жұмыс атқарылып жатқаны белгілі. Тәуелсіздікке қол жеткізген 20 жыл ішінде қоғамдық ұйымдардың жұмысын үйлестіретін құқықтық негіздер анағұрлым жетіліп, көптеген бағдарламалар қабылданды. Десек те, әлеуметтік қолдауға зәру  отбасылар әлі де болса көп. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар мен жастардың жан-жақты даму ісіне «БОТА» қоғамдық қоры өз үлесін қосып келеді. 

 

Жұма, 15 маусым 2012 6:55

Қазіргі таңда елімізде 18 мыңдай үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олардың басым бөлігі денсаулық сақтау, жастар ісі, білім, әлеуметтік салада табысты қызмет етуде. Аталған бағыттар бойынша мемлекет тарапынан да орасан зор жұмыс атқарылып жатқаны белгілі. Тәуелсіздікке қол жеткізген 20 жыл ішінде қоғамдық ұйымдардың жұмысын үйлестіретін құқықтық негіздер анағұрлым жетіліп, көптеген бағдарламалар қабылданды. Десек те, әлеуметтік қолдауға зәру  отбасылар әлі де болса көп. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар мен жастардың жан-жақты даму ісіне «БОТА» қоғамдық қоры өз үлесін қосып келеді. 

Бүгінде Қазақстанда 18 жасқа дейінгі 5 миллионға жуық бала бар. Олардың  140 мыңы түрлі деңгейдегі мүгедек балалар бол­са, 40 мыңға жуығын ата-ананың қа­рауын­сыз қалған жетім балалар құрайды. Ал кәмелетке толмағандардың ісімен айналысатын инспекция қызметкерлері 20 мың­ға жуық баланы тіркегенін және тағы осыншама бала қиын отбасында тәрбиеле­ніп жатқанын алға тартуда.  Осы орайда «БОТА» қоғамдық қорының Әлеуметтік қыз­мет­терді қолдау бағдарламасы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балалар мен жастарға әлеуметтік қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың (КЕҰ) жобаларын қолдап, балалар мен жастардың заман талабына сай жетілуіне барынша қол­дау көрсетіп келе жатыр. Бүгінде қоғамдық қор үкіметтік емес ұйымдар ұсынған 320 жобаны іске асыру үшін 940 млн. теңге бөлгенін атап айтуымызға болады. Жобалар мектеп жасына дейінгі балаларды, ерекше күтімді қажет ететін балалар мен жастарды, жетімдерді және қаңғыбас балалардың, бас бостандығынан айырылған жастардың азамат болып қалыптасуына жан-жақты қолдау көрсетуде. Осы ретте қордың әлеуметтік бағадарламаларын іске асырудағы грант алушылары, яғни үкіметтік емес ұйымдар сан түрлі әлеуметтік қызметтер ұсынаты­нын мақтанышпен айтуға болады. Осындай қыруар жұмыстардың арқасында еліміздегі 25 мыңнан астам бала түрлі әлеуметтік қолдауларға ие болып, дұрыс жолды таңдап отырған жайы бар. Қордың мектеп жасына дейінгі балаларға бағытталған әлеуметтік бағдарламалары еліміздегі мыңға жуық баланың шағын орталықтарға барып, білім алуына жағдай жасағанын біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін. Енді нақты мысалмен сөйлесек, Шымкент қаласының тұрғыны Дәулет Садықов «БОТА» грант алушысы «Береке» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Балбөбек» курсына қатысып, терең білім алуға көшкен. Ол осыған дейін балдаққа сүйеніп, үйге келіп оқытатын педагогтан тәлім алған-ды. Енді Дәулет өз қатарластарымен оқу және араласу мүмкіндігіне ие болып отыр.

«БОТА» қоры қиын өмірлік жағдайлар­ды бастан кешіп жатқан балаларды тәрбие­леу ісіне ерекше мән беріп отыр.  Жетімдер мен қаңғыбас балалармен және бас еркін­дігінен айырылған жастармен жұмыс істеу өте қиын шаруа. Қазір қор осы санаттағы жеті мың баланы түрлі тренингтерден өткізіп, әлеуметтік ортаға бейімдеп жатыр. Қоғамдық ұйымдардың білікті мамандары оларды өмір сүруге  машықтандыруда. Сон­дай-ақ, қаржылық сауаттылық пен саламатты өмір сүру бойынша ақпаратты да бойларына сіңіріп жатқанын атап айтуымызға болады.  Мәселен, Степногор қаласындағы «Женский луч» қоғамдық бірлестігі  қала мектептерінің бірінде «А және Я» әлеумет­тік-шығармашылық қонақжайын»  ашты. Мектепте қонақжай ашылғалы бері девиантты жастармен жұмыс істеу бойынша және отбасының нашар жағдайын анықтау­ға мүмкіндік беретін жаңа практикалық әдістемелер пайда болды. Балалардың бойында орын алған өзгерістерді ата-аналары да байқады. Мәселен, Зейнеп Темірғалиева «Осы тренингтерге барғалы бері балам қатты өзгерді: Русланмен қарым-қатынасым жақсарды, үй жұмыстарына қолғабыс көрсете бастады, бұзық балалармен араласуын тоқтатты. Кейде бізге, ата-аналарға, өз балаларымызды түсіну қиын болып жатады. Осындай кезде ұйым көрсетіп отырған қолдаудың орны ерекше», деп ағынан жарылса, Светлана Бауэр: «Психолог Марина Михайловна балам Иванмен ішімдік пен темекінің зияны туралы әңгіме өткізді. Оның сөздері балама әсер еткені оның өз­гере бастағанынан байқауға болады. Менің­ше, мектептерде осындай жобалар мен бағдарламалар ауадай қажет», – дейді.

ӘҚҚБ көмек алушыларының ақырғы тобына 12 мыңнан астам жас азаматтар кіреді. Қаржыландырылған жобаларда олар биз­нес­ті ашу және жүргізу теориясы мен тәжі­рибесін үйреніп, кәсіби бағыттау негізде­ріне оқытылады. Сондай-ақ, жастардың көш­басшылық қабілетін шыңдау мәселесі де назардан тыс қалып отырған жоқ. Айта­лық, қор қаржыландырған «Қаражат несие» қоғамдық қоры Шымкент қаласы мен Сайрам ауданында үш күндік 17 тренинг өткі­зіп, 400-ге жуық жас кәсіпкерге заң нормаларын, ҚР Салық кодексі, маркетинг және бизнес-жоспарлау негіздері бойынша дәріс оқыды. Сондай-ақ, тренинг барысында алған білімдерін шыңдау үшін жастар ша­руа­шылықтар мен цехтарда өндірістік тәжі­рибеден өтті. Осы оқытудан өткен Асылжан Кетебаев Қарасу ауылында азық-түлік дүке­нін ашты. Сонымен қатар, пластик терезе­лерін жасау цехында тәжірибеден өткен ол шағын несие алып, пластик терезелерін жасайтын жеке цехын құрды. Енді өзі қатарлы жастарды жұмыспен қамтып отыр.

Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде отан­дық коммерциялық емес ұйымдар бір­неше даму кезеңінен өтті. Бүгінде сан-салада жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдардың көрсе­тетін қызметтерінің сапасы артып отыр. Қоғамдық ұйымдар әлеуметтік мәсе­ле­лерді шешуде билік пен қоғам арасында дәнекер болып отырғанын ерекше атап айтуға болады. Осы үрдістерден «БОТА» қоры да қалыс қалмауда. Қуантарлығы, қордың игі ісіне жергілікті билік орындарынан бастап Үкіметке дейін қолдау көрсетіп отыр. Еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің «Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен «БОТА» қоғамдық қорының 2012-2013 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жұмысын мақұлдау туралы» өкімінде мемлекеттік құрылымдар­дың қор бағдарламаларымен ынтымақтас­ты­ғы толыққанды атап көрсетілген. Қазақ­станда әлеуметтік жобаларды іске асыруда бизнес құрылымдар да белсене қатысуда. Қордың Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы департаментінің директоры Жаңыл Мұқашова: «Қазақстанның бизнес құрылымдары «БОТА» қорының грант алушыларына шамамен 70 миллион теңгеге қаржылық қолдау көрсетті. Негізінен бұл қаражат ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастарға арнайы жабдықтарды алуға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге және көңіл көтеру шараларын ұйымдастыруға жұмсал­ды. Бұл – балалар мен жастардың болашағы үшін жұмыла әрекеттесудің және әлеумет­тік жауапты болудың жақсы үлгісі екені дау­сыз», – дейді.

Қордың Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы бұдан әріде өз гранттық байқаулары аясында қоғамдық ұйымдарға қолдау көрсету ісін жалғастыра береді. Осы жылдың соңына дейін «БОТА» еліміздің коммерциялық емес ұйымдарының жобаларын шамамен 300 млн. теңгеге қаржылан­дыруды көздеп отыр.

Әйнел ҚАЙНАЗАРОВА.