• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Ақпан, 2019

Бангладеште өрт салдарынан 81 адам қаза тапты

425 рет
көрсетілді

Бангладеш астанасы Даккада төрт қабатты тұрғын үй өртеніп, 81 адам қайтыс болды. Бұл туралы The Bangladesh Observer газеті хабарлады.

Ұлттық өрт қызметінің басшысы Али Ахмед «қаза тапқандардың саны бұдан да көп болуы мүмкін. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр» деді.

Соңғы ақпараттарға сүйенсек, оқиға Дакка қаласының ескі аудандарының бірінде болған. Ғимараттың бірінші қабатында химикаттар қоймасы болған. Өрт көрші ғимараттарға да жеткен.