• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Ақпан, 2019

Қарағанды облысында биыл дәрігерлерге 63 пәтер беріледі

418 рет
көрсетілді

Биылғы жылы Қарағанды облысында дәрігерлерге 63 пәтер беріледі. Ол жайлы Аймақтық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының амбулаторлық-емxаналық көмекті дамыту және үйлестіру бөлімінің жетекшісі Дана Байкенова мәлімдеді. 

- Облыстағы ауруxаналар мен емxаналарда қазіргі таңда 97 дәрігерлер жетіспейді. Ол - неонатологтар, анестезиологтар, акушер-гинекологтар, сондай-ақ жалпы тәжірибе дәрігерлері. Алайда Денсаулық сақтау басқармасының кадрларды жұмылдыру бағдарламасы өз нәтижелерін беріп жатыр. Өткен жылы облысқа 333 дәрігер келді, 260 - жас мамандар, - дейді Дана Байкенова.

Баяндамашының айтуынша, мамандарды тарту үшін Денсаулық сақтау басқармасы 2016-шы жылдан бері оларға баспана бере бастаған. 2016-шы жылы дәрігерлер 4 пәтер алған, 2017 жылы - 26 пәтер.

- 2018-ші жылы Балқашта және Саранда жас мамандар 27 пәтер алды. Сонымен қатар осы жылдың соңына дейін тағы 63 пәтер беріледі. Қоныс тойларын Абай, Шахтинск, Жезқазған және Қарағанды, сондай-ақ Ақтоғай ауданындағы дәрігерлер тойлайтын болады, - деп атап өтті Дана Байкенова.

2020 жылы Денсаудық сақтау басқармасы Қарағандыда, Теміртау, Жезқазған және Қарқаралыда 210 пәтер беруді жоспарлап отыр.