Сенбі, 16 маусым 2012 7:03
«Денсаулық – зор байлық» деп күнде айтып жүрсек те, оның қадірін ауырып-сырқағанда сезіне түсетініміз шындық. Биыл мен де қатты ауырып қалдым. Дәрігерлер диагнозды анықтап, ота жасау қажеттігін айтты. Шыным сол, біздің елімізде жүрекке ота жасау ойдағыдай игерілгенін күнде естіп, біліп жүрсем де, қатты қобалжыдым. Сол бір қиын кезде емдеуші дәрігерлерімнің көңілімдегі неше түрлі ойларды сейілте білгенін, тағдырыма байланысты нақты шешім қабылдауыма көмектескенін ешқашанда ұмытпаймын. Олар: «Қорықпа, бәрі жақсы болады. Қазір бізде әлемдегі не жақсының бәрі бар. Дәрігерлеріміздің де біліктілігі ешкімнен кем емес» деп қолтығымнан демеді. Ақыры, ота жасауға келісімімді бердім. Бәрі ойдағыдай өтті, аман-есен отбасыма оралдым.

Бүгін медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында мен сияқты мыңдаған адамдарға көмек қолын ұсынып, ажал аузынан арашалап қалған ақ халатты абзал жандарға жүректен шыққан алғысымды жеткізгім келеді. Әсіресе, Республикалық ғылыми жедел медициналық жәрдем орталығының кардиология бөлімшесінің меңгерушісі Т.Молдабеков, Т.Есқараев, Г.Аймақова сынды дәрігерлерге, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының бастығы В.Ю.Пяға, медицина ғылымдарының докторы М.Бекбосыноваға айтар алғысым шексіз. Оларға, барлық әріптестеріне өмірдің бар жақсылығын тілеймін. Еңбектері жанып, халықтың құрметіне бөлене берсін дегім келеді.
Гүлмира СМАЙЫЛОВА.
АСТАНА.