• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Ақпан, 2019

Қызылордалық полицейлер заңсыз аң аулаушыларды ұстады

643 рет
көрсетілді

Қазалы ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері және Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекция қызметкерлерімен бірлескен рейдтік іс-шаралар кезінде өткен жылдың қараша айында Қазалы кенті Ақтан батыр ауылына қарасты «Алайғыр» көлінің жанында «Опель Фронтера» маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында жүргізушісінен бөлек екі жолаушысы болғандығы анықталды. Автокөліктің жүк салғышынан 1 дана прожектор, 16 калибрлі және 12 калибрлі қос ауызды 2 дана аңшы мылтығы мен 10 дана атылған өлі қоян тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-ның 337-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, жинақталған құжаттар сотқа жолданды.

Қазалы аудандық сотының 2019 жылғы 17 қаңтардағы қаулысымен мемлекет пайдасына ортақ түрде барлығы 262 мың 670 теңге өндіріліп және «Опель Фронтера» маркалы автокөлігі, 2 аңшы мылтығы тәркіленді. Сонымен қатар, аң аулауға тыйым салынған прожектор құралы жойылды.

Алдағы уақытта да Қызылорда облысы Полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы салалы құрылымдармен облыс көлемінде экологиялық құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу, ескерту, жолын кесу және анықтау жұмыстары өз жалғасын табады.