Етті мал басының санын арттыру және сапасын жақсарту үшін Етті мал шаруашылығын дамытудың 2018-2027 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде фермерлік шаруашылықтарды дамыту және қаржылық қолдау жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.
Отбасы фермалары түрінде шағын шаруашылықтарды құру салалық бағдарламаның негізіне жатты, олар 100 басқа дейін ІҚМ өсіру бойынша фермерлік шаруашылықтардан, өнеркәсіптік мал жемдейтін орындардан және заманауи ет өндіретін кешендерден тұратын зәкірлі кооперация нысанында құрылатын болады.
АШТӨ-ін импорттық ІҚМ басын сатып алу үшін несиелендіруге бағытталған «Сыбаға» бағдарламасына қатысатын фермердің Аграрлық несие корпорациясы несие қаражаты есебінен өзінің жеке төлдейтін мал басын қалыптастыруға, сондай-ақ жоғары өнімді асыл тұқымды бұқаларды пайдаланып, төлдің өнімді көрсеткіштерін жақсартуға, жем-шөп, техника және құрал-жабдықтар сатып алуға, жайылымды қоршауға мүмкіндігі бар.
Бүгін фермерлік шаруашылықтар жеңіл шарттармен несиелендіріледі – несие мерзімі 15 жылға дейін, сыйақы мөлшерлемесі субсидиялауды ескерумен 4%-дан бастап. Кепілзаттық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар максималды жеңілдетілді – кепілзат ретінде қолда бар, сатып алынатын мал және фермерлердің өзге активтері қабылданады.
Импорттық малды алудың артықшылықтарын атап өткен жөн - бұл фермерлерді жоғары генетикалық әлеуеті бар ІҚМ-мен қамтамасыз ету. Импорттық малдың төлін өсіргенде, қысқа мерзімде 550-600 кг. соңғы салмақты алуға мүмкіндік береді, ал жергілікті генетиканы пайдаланғанда, тек осының жарты салмағына ғана қол жеткізуге болады.
2018 жылы Аграрлық несие корпорациясы осы бағдарлама шеңберінде 19,1 млрд. теңге сомасына импорттық ІҚМ 30,1 мың басын сатып алу үшін 201 АШТӨ-ді несиелендірді, солардың ішінде елімізге ІҚМ 15,2 мың басы әкелінді және 2,3 мың басы жолда келе жатыр.
2019 жылы «ҚазАгро» Холдингі импорттық ІҚМ басын сатып алуды қаржыландыру бойынша 100 мың бас индикативін белгіледі, солардың ішінде Корпорацияның үлесі 65 мың басты құрайды, бұл мақсаттарға 40,6 млрд. теңге бөлінді.
Өзінің ІҚМ басын кеңейтуге несие алуға ниет білдірген фермерлік шаруашылықтар жақын орналасқан Несие серіктестіктеріне, «Аграрлық несие корпорациясы» өңірлік филиалдарына, сондай-ақ Орталық аппараттың кеңсесіне жүгіне алады.