• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Президент 21 Ақпан, 2019

Елбасы Үкіметті таратты

4237 рет
көрсетілді

Бүгін Мемлекет басшысы мәлімдеме жасап, Үкіметтің қызметін уақытынан бұрын доғару қажеттігін айтты. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады. 

Өз мәлімдемесінде Елбасы 2018 жылы еліміздегі экономика тұрақтанғанын атап өтіп, қажетті мемлекеттік бағдарламалар қабылданғанын жеткізді. Алайда Президент аталған шаралардың нәтижесі төмен болғанын айтты. 

«Осындай жағдайда Президент әрі Конституцияның кепілі ретінде халқымыздың мүддесі үшін келесі шешімді қабылдадым. Үкімет отставкаға кетуі керек деп есептеймін. Жаңа сайланатын Үкімет басшысы өмір сүру деңгейін жақсарту, экономиканы ілгерілету, стратегиялық тапсырмаларды орындау үшін бірқатар шаралар қабылдауы қажет», делінген мәлімдемеде.