• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Ақпан, 2019

«DIGITAL URPAQ» САРАЙЫ – елімізде баламасы жоқ нысан

1136 рет
көрсетілді

  Премьер-Министрдің орынбасары-Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің министрі Асқар Жұмағалиев Петропавлда жұмыс істейтін «DIGITAL URPAQ» /«Сандық ұрпақ»/ деп аталатын  Оқушылар сарайының жұмысымен танысқанда осындай баға берді.

Ол робототехника, биотехнология, мехатроника және 3D түптүрлілік орталықтарың аралады. «Digital URPAQ» сарайы – Елбасының солтүстікқазақстандық балаларға жасаған баға жетпес сыйы. Қазіргі уақытта мұнда робототехника, көркемөнер, мәдениет, нақты ғылымдарды қамтыған 87 үйірме бар. Үкімет басшысының орынбасары заманауи биотехнологиялық зертханада түрлі зерттеулермен айналысатын оқушылармен  жақынырақ танысты.

 «Мына микроскоптар ең озық заманауи құрылғы болып табылады. Осының арқасында оқушылар түрлі әрі қызықты зерттеу жұмыстарын жүргізеді.Нәтижесінде олар химия және биология ғылымдарын тереңірек біледі», деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов зертхана жайлы  жан-жақты түсініктеме беріп.

 Оқушылар құбырдан алынған және лас судың айырмашылықтарын талдау, молекулярлы биология, медицина және агроөнеркәсіп саласының қыр-сырын үйреніп жүр. Сонымен қатар олар өнімділікті арттыру бойынша технологияларды да зерттейді.

  Оқушылар сарайының бірінші қабатында балалар вакуумды кинотеатр мен террариум ойын-сауық кабинеттерінде жаттығады. Екінші қабатта орналасқан коворкинг орталығында стартап жобаларын іске асырады. Нысанның басқа бөліктерінде IT орталықтар, химия, биология, физика кабинеттері орналасқан. Үйірмеерге бір мезгілде 1800 бала қатыса  алады.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы