• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Маусым, 2012

Ел медицинасында жетістік көп

387 рет
көрсетілді

Ел медицинасында жетістік көп

Сенбі, 30 маусым 2012 7:49

Біздің орталықта жұлын және омыртқапатологиясы салдарынан науқастанған кісілергеота жасау үшін алдыңғы қатарлы мемлекеттердепайдаланылатын заманауи технологиялар менәдістемелер қолданылады. Ертеңгі болатын съездебіз өзімізде жасалып жатқан оталар туралыбаяндап, шеберлік сыныптарында шетмемлекеттерден келген дәрігерлермен тәжірибеалмасамыз. Бұрын тек олардан үйренуді ғанамақсат тұтқан болсақ, ендігі жерде медицинасыдамыған мемлекеттердің мамандарымен тәжірибеалмасу деңгейіне жеткеніміз біздің медицина үшінүлкен жетістік деп есептеймін.

Осында еліміздің түкпір-түкпірінен келген науқастарға әлемдік дәрежеде нейрохирургиялық көмек көрсетілуде. Мысалы, қазіргі кезде көп тараған аурудың бірі – остеохондроз. Латынның «остеон»-сүйек, «хондроз»-шеміршек деген мағынаны беретін сөздерінен құралған бұл ауру кезінде науқастың омыртқааралық шеміршек шеңберлері (диск) сүйектік ұлпаға айналады. Омыртқадағы шеміршек шеңберлерінің қорек­тенуі төмендеп, қан айналымы өзгеріп, олардың созылғыштығы әлсіреп сызаттар түседі. Ауру үш кезеңмен сипатталады: 1. Люмбага. 2. Диск протрузиясы. 3. Диск жарығы. Біздің орталықта әсіре­се диск протрузиясы мен диск жарығы кезінде жасалатын оталардың әлемдік стандартқа сәйкестен­дірілгенін атап айтуымыз қажет. Эндоскопиялық тәсіл, лазерлі вапоризация, радиожиілік термодеструкциясы әдістері қолданылады. Бұл төмен инвазивті әдістер қатарына жатады. Мұндай оталар кезінде ағза тілінбейді. Ота пункциялық әдіспен жасалады. Науқастар отадан кейінгі алғашқы сағаттарда әдеттегі тұрмысына оралады. Сондай-ақ, шеміршекті ауыстырып, орнына жасанды шеміршек қою әдісі де біздің орталықта жүзеге асып жатыр. Бұрынғы кезде тозған шеміршекті алып тастайтын да, орнына ешнәрсе қоймайтын. Соның салдарынан омыртқа тұрақты болмай, бел ауыра беретін. Ал, қазір жасанды шеміршек арқылы бұл мәселе жолға қойылды. Тағы бір атап айтуымыз қажет нәрсе – омыртқа тұрақсыз кезде жасанды имплантпен ауыстыру тәсілі. Яғни, біз омыртқаны да ауыстырып салуға мүмкіндік алдық. Біз бұл әдістерді 2 жылдан аса қолданып келеміз. Жылына орта есеппен 50-60 адамның шеміршегін жасанды шеміршекке ауыс­тырамыз. Омыртқа ауыстыру да осы шамалас. Ал, бөлімшеміз жасайтын барлық ота жылына 700-800-ді құрайды.

Қазіргі кезде жұлын нейрохирургиясының ең өзекті және күрделі мәселелерінің бірі ретінде жұлын ішінен өсетін ісіктерді атауға болады. Біз оларды озық технологияларды пайдаланып, ағзаға зиянын тигізбей алу мүмкіндігіне қол жеткіздік. Қазіргі медицина адамдардың өмір жасын ұзартуға қабілетті екенін осыдан да аңғаруға болады.

Талғат КЕРІМБАЕВ,

жұлын нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі.