Қоғам 22 Ақпан, 2019

«Қазтеміртранс» АҚ жүк жөнелтушілер үшін Call-орталық ашылды

48 рет
көрсетілді

«ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы – «Қазтеміртранс» АҚ мен жүк жөнелтушілер арасында көлік экспедициялары мен вагон операторлары қызметін көрсету жөніндегі екі мыңдай келісімшарт жасалды.

2019 жылдың 1 ақпанынан вагон паркін тиімді пайдалану мақсатында көлік экспедициясы мен жүк вагондары операторлығы функциясы «KTZ-Express» АҚ алынып, «Қазтеміртранс» АҚ берілгені белгілі.

Қазақстанның барлық өңірінде жүк жөнелтушілермен селекторлық кеңестер өткізіліп, өзара ықпалдастықтың жаңа шарттарын түсіндіру жөнінде кездесулер болды. Барлық туындаған мәселе жұмыс топтарында қарастырылады. Тасымалдау процесі барлық қатысушылардың жұмыстары ұйымдастырылды.

Жүк жөнелтушілермен келімішарт жасасу және вагондарды қою автоматтандырылды, бұл - жүк тасымалын вагондармен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырыстарды қарауды жеделдетеді. Республикаішілік қатынастарда жүктерді тасымалдауға тапсырыстарды қарау уақыты үштен бір күнге дейін қысқарды. Жүк жөнелтушілер мен мүдделі тараптардың көліктік экспедиция мен операция қызметін көрсету мәселелері жөніндегі ауызша және жазбаша өтініштерін өңдеу үшін Call-орталық ашылды. Бұдан басқа, қызметті пайдаланушы клиенттер үшін барлық қажетті ақпарат «Қазтеміртранс» АҚ корпортативтік сайтында орналастырылады.

«Біздің компанияның жұмысы клиенттерге сапалы қызмет көрсетуге бағытталған. Ол үшін барлық жағдай жасалуда, туындаған мәселелер жедел шешіліп, түсіндіру жұмыстары жалғасын табуда. Тиелетін вагондар тапсырыс жоспарына қарай қойылып келеді», - деп атап көрсетті Бас директордың м.а. Т.Қойшығұл.