21-24 ақпан аралығында Уганданың Кампала қаласында бадминтоннан әлем кубогі кезеңі өтуде. Аталған сынға қазақстандық спортшылар да қатысып жатыр.
Ұлттық құрама сапынан Угандадағы кубоктік жарыста Артур Ниязов, Дамитрий Панарин және Хайтмұрат Құлматов бақ сынаған болатын. Жекелей сында үш спортшымыз да жеңіліске ұшырады.
Ниязов пен Құлматов Уганда спортшыларына есе жіберсе, Панарин үндістандық қарсыласынан ұтылды.
Ал жұптық сайыста спортшыларымыз алғашқы қарсыластарынан басым түсті. Панарин мен Ниязов жұбы угандалықтардан басым түсті.