• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Шілде, 2012

Біздің өмірімізге қызыға қарайды

354 рет
көрсетілді

Біздің өмірімізге қызыға қарайды

Сейсенбі, 24 шілде 2012 7:41

Жер бетіндегі әр халықтың да өз пешенесіне жазылған тиесілі тағдыр-талайы болады ғой. Қазақ­станды мекендеген қазіргі тәжік этносы да өмірдегі еншілі сыба­ға­сынан құр қалған деп айта алмасақ керек. Қазақ тәжіктерінің бабалары оңтүстік өңірдегі Өгем тауларының қойын-қонышындағы Бостандық деп аталатын берекелі жерден ба­қуат тапқан екен. Сол бабалардың қорымдары бұл күндерде де аға­раңдап алыстан көрініп тұрады.

Сейсенбі, 24 шілде 2012 7:41

Жер бетіндегі әр халықтың да өз пешенесіне жазылған тиесілі тағдыр-талайы болады ғой. Қазақ­станды мекендеген қазіргі тәжік этносы да өмірдегі еншілі сыба­ға­сынан құр қалған деп айта алмасақ керек. Қазақ тәжіктерінің бабалары оңтүстік өңірдегі Өгем тауларының қойын-қонышындағы Бостандық деп аталатын берекелі жерден ба­қуат тапқан екен. Сол бабалардың қорымдары бұл күндерде де аға­раңдап алыстан көрініп тұрады. Өз халқымның тағдыры жайлы мен «Қазақстан тәжіктері» атты кітабымда баяндаған болатынмын. 2009 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында жер-жаһанға мәшһүр Әбуғали ибн Сина бабамыз атындағы мәдени орталық құ­рылған кезде алдымызға Қазақстан аумағында тұратын тәжіктердің мәдениетін көтеріп, дамыту ора­йын­дағы игі мақсат қойылды. Бү­гінде тәжіктер негізінен Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш және Мақтаарал аудандарында ор­ныққан. 8 мыңға жуық сарыағаш­тық тәжіктер өздерін ежелгі қазақ жерінің сан ғасырлардан бергі ажырамас бөлігі деп есептейді. Ал бүкіл республика бойынша алатын болсақ, тәжік этносы 65-70 мың шамасында. Оның мыңға жуығы Алматы қаласында тұрақтаған.

Өз басым Қазақстандағы хал-жайына қынжылыс білдірген, тұр­мыстан соншалықты қиналып жүр­ген тәжікті кездестірмедім. Әсі­ре­се, соңғы 20 жылда кезіндегі Тә­жік­стан­дағы жағдайға байланысты мұнда көптеп қоныс аударған тә­жік­тер құт қонып, ырыс дарыған қазақ жерінде қамсыз-мұңсыз, бекем ор­нығып қалды. Солардың көп­шілігі қызмет көрсету және мейрамхана бизнесі, Қазақстан рыногын жеміс-көкөніс дақылдары­мен қамта­масыз ету салаларында табысты еңбек­те­нуде. Ал, Миразиз Усмонов сияқты қайсыбір алғыр жігіттер теңіздің арғы жағындағы экзотикалық же­міс­терді жеткізуді жолға қойып, қап­шықтар өндіруді игеріп, Көк­ше­тауда 700-ге жуық адам жұмыс істейтін үлкен зауыт ашты.Қостанай облысында даңғайыр диқан атына ие болып, құрметке бөленген Шакир Холметов ауқым­ды элеватормен қоса, 10 мың гектардан астам егістік алқабында ауыл шаруашылығын дамыту ісіне өзінің айтарлықтай үлесін қосуда. Түстіктегі кәсіпкер тәжіктер жылыжай кәсібімен айналысуда. Осылайша тәжік этносы республика экономикасын өрге бастырып, өр­кен­дету­ге хал-қадерінше еңбек сіңіруде. Ал еңбек еткеннің, Абай атамыз айт­пақ­шы, әрқашан тамағы тоқ, көй­ле­гі көк емес пе. Біздің осындай өр­кен­ді өмірімізге тарихи отанымыз­да­ғы қандастарымыз қы­зыға қарай­тынын көріп те, біліп те жүрміз.Енді рухани жағдайымызға келер болсақ, үш жылдан бері мә­дени бірлестік шеңберінде жексен­білік мектеп жұмыс істеуде. Мұнда барлық тілек білдірушілер мемле­кеттік тілді ғана меңгеріп қоймай, өз ана тілдерін де аялап сақтауға ден қояды. Мәдени бірлестік қо­ғам­ды толғандырып отырған кө­кей­кесті әлеуметтік түйткілдермен де айналысады. Соның ішінде мұқтаж адамдарға қайырымдылық көмегін көрсетіп, сүйеніш болуда. Мысалы, өткен жылы бірлестік Батыс Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде 200 кг бал, биыл Шымкент өңіріне 100 кг шипалы өнім жөнелтті.Қазақстан тәжіктері ортақ Отан­ның азаматтары қайғыда да, қуанышта да бірге болып, бір-бі­рім­ізге сергек көңілмен көмекте­суі­міз керектігін жақсы түсінеді. Көршімізде қиын жағдай болса, біз дереу жәрдем қолын созуға, қам­қорласуға әзірміз. Бәріміздің адам­дық парызымыз да осы емес пе. Мемлекет басшысы қазақстандық­тар­дың күш-қуаты бірлікте екен­дігін үнемі айтып келеді. Көп нәрсе отаншылдық пен Отанға деген сүйіспеншіліктен бастау алады. Мемлекет дегеніміз де осы өзіміз емеспіз бе. Баршамыз бақуатты болсақ, мемлекетіміздің де іргесі берік деген сөз.Олай болса, әртүрлі этностар­дың адамдарын ынтымақтастырып, топтастыруда, бір-біріне қамқор, жанашыр етуде Қазақстан халқы Ассамблеясы үлкен рөл атқаруда. Осынау дәнекерші, ұйытқылы ұйым­ның жемісті еңбегінің арқа­сында елдің халықаралық беделі де арта түсуде. Мысалы, Қазақ­стан­ның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне еліміздегі береке-бірліктің игі ық­палы тиді деп ойлаймын. Бүгінгі таңда республика аумағын мекен­деуші 130-дан астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері бір-бірін құр­меттеп, тату-тәтті бірлікпен бақыт­ты өмір кешіп жатқандығына бүкіл әлем таңырқай да қызыға қарап отырғандығына сөз жоқ. Қазақстан халқы Ассамблеясының жанында Кәсіпкерлер ассоциациясының жұмыс істеп жатқанына бір жылдан асты. Тәжік мәдени бірлестігі де өз әріптестерімен, басқа мәдени орталықтардың және этнобірле­с­тік­тердің өкілдерімен бірге әлеу­меттік мәнді инновациялық жобаларды іске асыруға белсенді қа­ты­суда. Бұл жобалардың көпшілігін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры қаржыландырып отыр­ғаны белгілі.Демек, осы орайдағы жұмысы­мыз ел Президентінің Жолдауында айқындалған басты мақсатпен, атап айтқанда, адам капиталының са­па­лық жағынан өсуімен және ұлтты сауықтыру қажеттігімен үй­лестіре жүргізілуде. Тәжірибелі омарташы ретінде мен дені сау адам, саламатты өмір салты деге­німіз ең алдымен дұрыс тамақтану, таза тамақ өнім­дері деп есептей­мін. Біз қуатты әрі дамыған мемлекет құрудамыз. Со­ның іргетасын құрып жатқанда, біз өз ісімізді жалғастыратын ұрпақ­қа да қам­қор­лық жасауымыз керек. Сол арқылы өзіміздің болашағы­мызға қамқор­лық жасаймыз. Біздің болаша­ғы­мыз – біздің балаларымыз. Былайша айтқанда, бүгінгі балалар – ер­теңгі халық. Ұлт ден­саулығы со­лар­дың денсаулығына байланысты. Ал қуатты мемлекет саламатты ұлттан құралады.Бұл жайға мән беріп отырға­ным, біз Қазақстан омарташыла­ры­ның Ұлттық одағын құрдық, сөй­тіп, омарта өнімдерін өндіріп, оны республиканың сауда нүктелеріне таратамыз. Соңғы уақыттарда Алматыда, Өскеменде және Петропавлда балаларды тамақтандыру мәзіріне омарта өнімдерін, соның ішінде балды енгізе бастадық. Бала тамағының міндетті мәзіріне балды енгізу көптеген келеңсіз факторларды бейтараптандырып, осы заманның сын-қатерлеріне деген иммунитетті арттыруға көмекте­се­ді. Жапония, Израиль, Швеция және басқа дамыған елдердің өз мектеп оқушыларын балмен қо­сымша қоректендіруі тегін емес.Біздің Қазақстанда омарта ша­руа­шылығын дамыту үшін тамаша табиғи жағдайлар мен мүмкіндік­тер баршылық. Омарта шаруашы­лығы басқармасының бұрынғы қыз­меткері ретінде бұрынғы уа­қыт­тарда бүкіл Қазақстан бойынша 1 миллионға жуық омарта ұясы тіркелгендігін білемін. Сонда шетелге 5 мың тоннаға дейін бал сатылатын. Қазіргі мәліметтер бойынша Қазақстандағы омарта ұясы 200 мыңға жуық, өндірілетін бал 1,5-2 мың тонна шамасында. Ал Қазақ­стан халқы Ассамблеясы мен Қазақ­стан омарташылары Ұлттық одағы арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойыл­ғаннан кейін, осы орайдағы жағдай күрт өзгерді. Біз енді отандық омар­та шаруашылығын дамытумен түбе­гей­лі айналысуға мүмкіндік алдық.Мен жан-тәніммен омарташы болғандықтан, бал араларының өмірін қызыға бақылап қараймын. Олар өз ұрпағын аялап күтеді, өз отбасы үшін мазасызданады. Адам да солай. Аралар да, адамдар да отбасылық, ұжымдық салтпен өмір сүреді. Біздің ең үлкен ұжымымыз – Қазақстан деп аталатын әлем таны­ған мемлекетіміз. Осы мемле­кеті­міздің нығаюына әрқайсымыз бал арасындай жан сала үлес қо­суымыз керек. Біз, қазақстан­дық­тар 16 миллионбыз. Әлемдік ау­қымда онша көп те емеспіз. Бірақ баршамыз, бар­лық ұлыстар мен этностар бірік­кен кезде, қуатты, жұмылған жұ­ды­рыққа айналамыз. Осындай бірлігі жарасқан, біртұтас елімізге, мерейлі мемлекетімізге басқаларды қызық­тыра беруден жазбайық.Бекпулат ТАШПУЛАТОВ,«Авиценна» тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы, ҚХА Кеңесінің мүшесі. Алматы.