• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Ақпан, 2019

АҚШ МСАК бойынша Астана Декларациясына жоғары баға берді

386 рет
көрсетілді

Қазақстанның Денсаулық Сақтау Министрі міндетін атқарушы және АҚШ министрі онкология, дербестендірілген медицина және жасанды интеллект мәселелерін талқылады.

АҚШ-қа жұмыс сапары аясында еліміздің Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы  Елжан Біртанов АҚШ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет департаментінің (министр) хатшысы Алексей Азармен кездесті. Сонымен қатар, кездесуге хатшының Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі көмекшісі (вице-министр) Адмирал Брэт Гирор қатысты. Адмирал Брэт Гирор Астана қаласында медициналық-санитариялық алғашқы көмек  (МСАК) бойынша Жаһандық конференцияға қатысып, сондай-ақ бірқатар денсаулық сақтау нысандарын аралады.

Кездесу барысында денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, Елжан Біртанов АҚШ-тың МСАК жөніндегі Астана декларациясын ілгерілету жөніндегі достар тобына кіргені үшін Америка тарапына алғысын білдірді.

Бұдан басқа тараптар осы жылдың қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясында жоғары деңгейдегі кеңес кезінде Денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту бойынша «Қазақстан және АҚШ» параллельді сессиясын ұйымдастыру мәселесін талқылады.

Сондай-ақ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының және азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығының жұмысы мәселелері айтылды. Бұл бағытта денсаулық сақтау министрінің м.а. Елжан Біртанов өз әріптесін елімізде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар етті. Атап айтқанда, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі жаңа комитет құру жоспары туралы. Жаңа құрылым түрлі тауарлардың, оның ішінде дәрі-дәрмектердің және олардың бөлшек сауда бағаларының сапасын бақылайтын болады. Сондай-ақ халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына бақылау жасайтын болады.

Өз кезегінде, АҚШ-тың Денсаулық сақтау басшысы тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалар арасында онкология бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, дербестендірілген медицина бойынша ұлттық бағдарламаны орындау бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ осы мәселелер бойынша тәжірибе алмасу мүмкіндігі туралы әңгімеледі.

Кездесуде сондай-ақ Алматы қаласындағы Орталық референс-зертхананың жұмысы сөз болды. Атап айтқанда, Елжан Біртанов өз әріптесіне осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ Білім және ғылым министрлігі мен Әділет министрлігі жұмылдырылған зертхана құрылымы туралы ақпарат берді. Өз кезегінде американдық тарап нақты ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізуді ұсынды.

Кездесу кезінде хатшының Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі көмекшісі (вице-министр) Адмирал Брэт Гирор Астана қаласы Денсаулық сақтау объектісінің (10-емхана) денсаулық сақтауды қорғау тәсілдері және МСАК нәтижелі жұмысын іске асыру бойынша жұмысының үлгісін келтірді. Ол бұл мысалды әрдайым әріптестеріне атап көрсететінін атап өтті.