• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 17:14

Алматы полициясы тренингте балағат сөз айтқан коучты жауапқа тартты

Әлеуметтік желілерде әйелдерге арналған мастер-класс кезінде түсірілген видео тарады. Кадрларда қатысушылар эмоциясын бейәдеп сөздер айтқан сәттері көрінеді. Аталған жайтқа қатысты Алматы қаласының полиция департаменті психологиялық семинар барысында қоғамдық тәртіпті бұзу фактісіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейнежазбада көрсетілгендей, жүргізуші қатысушыларға сұрақ қойып, олардан орынсыз сөзді қайталауды сұраған. Іс-шара кезінде кейбір қатысушылар балағат сөздер қолданып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.

Осы дерек бойынша Медеу ауданы полиция басқармасы әкімшілік іс қозғап, іс ұйымдастырушыға қатысты «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша жауапкершілік қарастырған

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушыға 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды», делінген хабарламада.

Полиция департаменті кез келген бұқаралық іс-шаралар заң талаптары мен қоғамдық тәртіп ережелерін сақтай отырып өткізілуі тиіс екенін ескертті. 

Еске сала кетейік, бұған дейін домбыраны «харам» деп атаған ақтөбелелік тұрғынның қамалғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар