• RUB:
    6.13
  • USD:
    479.26
  • EUR:
    546.21
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 18:44

Мемлекет басшысы AD Ports Group холдингінің бас атқарушы директорын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысы алаңында AD Ports Group басқарушы және бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент AD Ports Group бүгінде теңіз арқылы тасымалдау және порт инфрақұрылымын дамыту саласында әлемдегі жетекші операторлардың бірі ретінде танылғанын атап өтті. Әңгімелесу барысында Орта дәлізді дамыту аясында Каспий аймағының көлік-транзит әлеуетін кеңейту перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президентімен кездесті 

Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Брюссельге жасаған ресми сапары аясында Еуропалық Одақ басшылығы мен еуропалық іскерлік қоғамдастық өкілдері Транскаспий халықаралық көлік бағытын Азия мен Еуропаны жалғайтын негізгі көлік жолдарының бірі ретінде бағалап, осы бағдар арқылы жүк ағынын кеңейтуге әзір екендерін айтқанын жеткізді. Кездесуде жүк тасымалы саласындағы бірлескен кәсіпорындар қызметіне, сондай-ақ порт инфрақұрылымын дамыту, астық және жүк терминалдарын салу мәселесіне баса мән берілді. Мұхаммед Әл-Шамиси холдингтің ұзақмерзімді ынтымақтастыққа және өңірдегі серіктестікті нығайтуға стратегиялық тұрғыдан қызығушылық танытатынын растады.

Сондай-ақ бүгін Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз ұдайы орнықты даму бағдарын ұстанып келе жатқанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар