Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы аясында Cameco Corporation атқарушы директоры Тим Гитцельмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Cameco компаниясының «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамымен уран саласындағы 30 жылдық стратегиялық серіктестігінің нәтижесіне жоғары баға берді.
Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президентімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның өнеркәсіпті жаңғырту және қосылған құны жоғары өндірісті дамыту бағытын дәйекті түрде іске асырып келе жатқанына тоқталды. Президенттің айтуынша, ел ішінде толық ядролық отын циклін қалыптастыру басым бағыттардың бірі саналады. Кездесуде атом саласындағы ықпалдастықты одан әрі ілгерілету, бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасы талқыланды.
Сондай-ақ бүгін Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз ұдайы орнықты даму бағдарын ұстанып келе жатқанын атап өтті.