• RUB:
    6.08
  • USD:
    474.47
  • EUR:
    541.37
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Бүгін, 19:53

Шымкентте білім саласындағы ірі жемқорлық ісі бойынша айыпталушыларға үкім шықты

Шымкентте екі колледжде бюджет қаражатын ірі көлемде жымқыру ісі сотта қаралды. Тергеу мәліметінше, заңсыз схема 2018-2025 жылдар аралығында мемлекеттік білім беру тапсырысына студенттерді жалған тіркеу арқылы жүзеге асырылған, деп хабарлайды Egemen.kz

Іс фигуранттары құжаттарды қолдан жасап, білім беру жүйесінің базасына жалған мәліметтер енгізген. Соның салдарынан мемлекетке 1,35 млрд теңге көлемінде шығын келген.

Жамбыл облысында пара алған экс-полицейлерге сот үкімі шықты

Негізгі айыпталушы 10 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Қалған сотталушылар 4 жылдан 6,5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар