• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Ақпан, 2019

Қарағанды облысында 9 отбасылық денсаулық орталығы ашылады

512 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында биылғы жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 9 отбасылық денсаулық орталығы ашылады. Ол жайлы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының амбулаторлы-емxаналық көмекті дамыту және үйлестіру бөлімінің жетекшісі Дана Байкенова мәлімдеді.

- Қарағандыда 80-90 мың адам тіркелген ірі емxаналар көп. Олардың жүктемесін сәл азайту үшін және медициналық көмектің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін, биылғы жылы екі емxана ашылған болатын. Ол №8 емxана және «Мирас» клиникасы. Бұл мекемелерге 30 мыңнан астам адам тіркелді. 

МЖӘ бағдарламасы бойынша жұмыстар жалғасуда. 2019 жылы тағы да қосымша 9 отбасылық денсаулық орталығын ашу жоспарланып отыр. Олардың екеуі наурызда Майқұдықта ашылады. Төртеуі - Қарағандының тұрғындар ең көп шоғырланған және не бары екі емxанасы бар ауданында, Оңтүстік-Шығыста орналасатын болады. 

Сондай-ақ Теміртауда да емxана құрылысы басталады. Тағы бір орталық Жезқазған қаласында ашылмақ.