• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Ақпан, 2019

Депутаттар Роман Склярды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметіне кандидатурасын мақұлдады

417 рет
көрсетілді

Бүгін Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысы өтті. Онда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындау үшін Роман Склярдың кандидатурасы мақұлданды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осы мәселе комитеттің отырысында «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Қазақстан Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша кандидатураны Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы Нұрлан Алдабергенов таныстырды.

Мәжіліс комитетінің мүшелері Р. Склярға бірқатар сұрақ қойды. Талқылаудан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындау үшін Роман Васильевич Склярының ұсынылған кандидатурасын ұсыну мүмкіндігі туралы қорытынды қабылданды.