• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет 25 Ақпан, 2019

Мәжіліс Ж.Қасымбекті Премьер-Министрдің орынбасары қызметіне мақұлдады

512 рет
көрсетілді

Мәжіліс Жеңіс Қасымбекті Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына тағайындауға келісім берді. Бұл туралы Палатаның баспасөз қызметі хабарлады. 

Бүгін Мәжілісте Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысы өткен болатын. Жиында сөз алған Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы Нұрлан Алдабергенов жаңа қызметке ұсынылып отырған Ж.Қасымбектің Үкімет жұмысын стратегиялық мақсатта дамытуға лайық кандидат екенін атап өтті. 

Іс-шара барысында комитет мүшелері Ж.Қасымбекке бірқатар сұрақ қойып, шешім қабылдады. Жиын соңында депутаттар оған алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Соңғы жаңалықтар