Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызының кандидатурасын Білім және ғылым министрі лауазымына тағайындауға келісті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл талқылау ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес өткізілді.
«Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 22-1 бабына сәйкес аталған мәселе комитет отырысында қарастырылды.
Қазақстан Үкімет басшысының тапсырмасымен Күләш Шәмшидинованың кандидатурасын ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы Нұрлан Алдабергенов таныстырды.