Елімізде соңғы жылдары мемлекеттік гранттар саны айтарлықтай артқан. 2022-2023 оқу жылында 380 грант бөлінсе, 2025-2026 оқу жылына 586 грант қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Үкімет отырысында Азаматтық авиация саласы үшін кадрлар даярлау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Ол Мемлекет басшысының 2025 жылғы 3 желтоқсандағы авиахабтарды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, азаматтық авиация саласы үшін кадрлар даярлау жүйесін жаңғырту бағытында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Бүгінде авиация саласы қарқынды дамып келеді. Жолаушылар мен жүк тасымалы артып, цифрлық технологиялар енгізілуде, халықаралық қауіпсіздік талаптары күшеюде. Осыған байланысты салада жоғары білікті мамандарға сұраныс өсіп отыр.
Вице-министр соңғы жылдары мемлекеттік гранттар саны айтарлықтай артқанын айтты. Егер 2022-2023 оқу жылында 380 грант бөлінсе, 2025-2026 оқу жылына 586 грант қарастырылған.
Айта кетейік, қазақстандық оқушы Әлихан Серіков Stanford University университетіне Restrictive Early Action ерте іріктеу бағдарламасы бойынша толық қаржылық грантпен оқуға қабылданды.