Мемлекет басшысы С. Омаровты Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Сапархан Кесікбайұлы Омаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалсын» делінген Ақорданың хабарламасында.