Шымкентте мәнерлеп сырғанаудан үшінші қысқы жастар ойыны басталды. Турнир 1 наурызға дейін созылады деп хабарлайды Olympic.kz.
Қысқы ойындарға Алматы, Астана, Шымкент қалалары мен Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарынан командалар қатыспақшы.
Жарыста жалпы есебі 80-ге жуық спортшы жүлдеге таласады. Олардың ішінде спорт шеберлігіне үміткерлер мен спорт шебері нормативін орындаған жастар да бар.