• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Ақпан, 2019

120 отбасыға көмек көрсетілді

345 рет
көрсетілді

Жалағаштағы аудандық мәдениет үйінде қайырымдылық акциясы өтті.

Акцияға мемлекеттік қызметкерлерден бөлек, шаруа қожалықтарының басшылары, кәсіпкерлер қатысып 2 млн. 500 мың теңге жиналды. Ол қаржы тұрмысы төмен 120 отбасының қажетіне беріледі.

- Бүгінгі акция аудан аумағындағы көмекке мұқтаж тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларды, мүгедектер мен жалғызбасты қарт кісілерді, зейнеткерлерді, жетім және қамқоршысынан айрылған балаларды әлеуметтік қолдау бағытында ұйымдастырылып отыр. Акция барысында әлеуметтік қолдау шаралары үшін қаржылай көмек көрсетуге арнайы жәшік қойылды. Қайырымдылық іс-шарасынан түскен қаржыны арнайы комиссия тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыларына бөлетін болады. Бұл бағыттағы игі шаралар алдағы уақытта да назардан тыс қалмай, кеңінен жалғасын табады, - деді аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы