• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Ақпан, 2019

ШҚО-да 14 450 үйге тасқын қаупі төніп тұр

469 рет
көрсетілді

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, өңірде 100-ден астам елді мекенге тасқын қаупі төніп тұр. 

Семей қаласына қарасты Көкентау, Мұқыр, Риддерге қарасты Бутаковка, Абай ауданындағы 5, Аягөздегі 4, Бесқарағайдағы 10, Бородулихадағы 3, Глубокоедағы 10, Жармадағы 5, Зайсандағы 5, Алтайдағы 12, Катонқарағайдағы 8, Көкпектідегі 4, Күршімдегі 7, Тарбағатайдағы 5, Ұландағы 6, Үржардағы 4 және Шемонаихадағы 6 ауылды су басуы мүмкін. Жалпы алғанда 42 мыңдай адам тұратын 14 450 үй тілсіз жаудың тұтқынында қалуы ықтимал.

Айта кетейік, аталған департамент өңірде наурыз айының басында күннің +8 градусқа дейін жылынатынын хабарлаған  болатын.

Азамат ҚАСЫМ,

 «Egemen Qazaqstan»

Шығыс Қазақстан облысы