• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Ақпан, 2019

Кеше елордаға шамамен 2 мың тонна көмір жеткізілді

420 рет
көрсетілді

25 ақпандағы жағдайға сәйкес елордадағы қатты отынның жалпы қоры 12 414,15 тоннаны құрайды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Кеше елордаға 1942 тонна көмір әкелінді. Оның 764 тоннасы – «Шұбаркөл», 350 тоннасы – «Қаражыра», 828 тоннасы – «Майкөбе» көмірі. Ал көмір бағасы төмендегідей: «Шұбаркөл» тоннасы – 11 300 теңге, «Қаражыра» тоннасы – 12 700, «Майкөбе» тоннасы – 12 000 теңге, «Богатырь көмір» – 9 000 теңге, «Кузнецкий» – 12 250 теңге. Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы баға өсімінің алдын алу мақсатында көмір сатушылармен меморандумдарға қол қойды. Бүгінгі таңда көмір нарығындағы жағдай қалыпты, проблемалық мәселелер жоқ. Астана қаласының әкімдігі көмір нарығындағы жағдайды күн сайын мониторингтен өткізіп, өзінің тұрақты бақылауына алған. «I-Kөмек 109» негізінде тұрғындарға арналған жедел желі құрылды.