• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Желтоқсан, 2012

Нобель сыйлықтары табыс етілді

456 рет
көрсетілді

Нобель сыйлықтары табыс етілді

Сәрсенбі, 12 желтоқсан 2012 7:24

Наразы топқа шабуыл жасалды

Каирде белгісіз біреулер Египет президенті Мұхаммед Мурсидіңсаясатына наразылық ретінде Тахрир алаңында құрылған шатырлықалашыққа шабуыл жасаған.

 

Сәрсенбі, 12 желтоқсан 2012 7:24

Наразы топқа шабуыл жасалды

Каирде белгісіз біреулер Египет президенті Мұхаммед Мурсидіңсаясатына наразылық ретінде Тахрир алаңында құрылған шатырлықалашыққа шабуыл жасаған.

Жергілікті БАҚ-тардың хабарлауынша, 30 адамнан тұратын топ бытыралы мылтықтан оқ атып және қарсылық білдірушілерге «Молотов коктейлін» лақтыра отырып, шатырлы лагерьді шабуылдаған. Қорғанушылар да жанғыш сұйық құйылған шөлмектер мен тас лақтырып қарсылық көрсеткен. Куәгерлердің айтуынша, исламистер болып табылатын шабуылдаушыларға жасырынудың сәті түскен. Қақтығыстан 16 адам зардап шегіп, олардың бірқатары жақын жердегі ауруханаға жіберілген.

 

Нобель сыйлықтары табыс етілді

Швецияның астанасы Стокгольмде Нобель сыйлығының лауреаттарынмарапаттаудың 111-ші салтанатты шарасы өтті.

2012 жылдың 9 лауреаты король Карл ХVІ-ның қолынан физика, химия, физиология және медицина, әдебиет пен экономика салаларындағы орасан зор қызметтері үшін дипломдар мен алтын медальдар алды. Физика бойынша француз Серж Арош пен америкалық Дэвид Вайнленд лауреат атанса, физиология және медицина саласында жапон Синья Яманака мен британдық Джон Гердон жоғары атақтар иеленді. Ал химия саласындағы сыйлықтар америкалықтар Роберт Левковиц пен Брайан Кобилкеге табыс етілді. Әдебиет бойынша тұңғыш рет Қытай өкілі Мо Янь лауреат атанды.

 

Өзі туралы пікірлерге риза емес

2013 жылғы парламент сайлауында өзінің алтыншы рет үкімет басшысылауазымы үшін күресу ниеті барын хабарлаған Италияның бұрынғыпремьер-министрі Сильвио Берлускони еуропалық саясаткерлердің оныңшешіміне қатысты білдірген теріс пікірлеріне риза емес.

Бірқатар еуропалық саясаткерлер мен шетелдік газеттердің  менің италиялық саясатқа қайта оралуым туралы білдірген шамшыл және орынсыз  мінез-құлықтары мен үшін ғана емес, италиялықтардың еркін таңдауы үшін де намысқа тиерлік, деп атап өткен 76 жасар саясаткер. Оның сыртында ол дүйсенбі күні Италиядағы жаңалықтар аясындағы қор рыноктарының реакциясын да алыпсатарлық әрекет деп атаған.

 

Сақтық шараларын күшейтті

Өткен жұма күні Жапония қорғаныс министрі Сатоси Моримото қатер туғанжағдайда КХДР ракетасын құлатып түсіру жөнінде бұйрық бергенболатын.

Солтүстік Кореяның зымыранды ұшыру уақыты аралығын  кеңейту туралы хабарына байланысты жоғарыда аталған бұйрықтың мерзімі де 29 желтоқсанға дейін ұзартылатын болды. Оның сыртында дүйсенбіден бастап Жапония премьер-министрі мен өзге де шешуші ведомстволар басшылары жергілікті уақыт бойынша 7.00-ден 12.00-ге дейін үнемі өз офистерінде отыратын болады. Солтүстіккореялық зымыранды  атып түсіру үшін төрт «Пэтриот» зениталық-зымырандық кешен дайындық сапына қойылған.

 

Мали премьері отставкаға кетті

Әскерилер тұтқынға алған Мали министрлер кабинетінің  басшысыМодибо Диара өзінің отставкаға кететінін мәлімдеді.

Мали премьер-министрі Шейх Модибо Диара бұрнағы күні кешкілік өз үйінде ұсталған болатын. Өзге мәліметтер бойынша шенеунікті елден кетпек болған кезде әуежайда тұтқындаған. Әскерилердің айтуынша, ол Францияға ұшып бармақ болған көрінеді. Операцияға 20-ға жуық әскери қызметші қатысқан. Олардың үстіміздегі жылдың наурызында елде билікті басып алған әскери хунтаның лидері капитан Амаду Саногоның өкімін орындағаны белгілі болып отыр.

 

Марихуана пайдалануға рұқсат берілді

АҚШ-тың Колорадо штатының тұрғындары бұдан былай қарай өздері пайдалану үшін марихуана өсіре алады.

Осылайша Американың екі штатында марихуананы өсіруге, сақтауға және шегуге ресми түрде рұқсат беріліп отыр. Дүйсенбі күні губернатор Джон Хикенлупердің тиісті заңға қол қоюы арқылы Колорадо марихуана пайдалануға рұқсат етілген екінші штат болып табылады. Айта кету керек, 6 қарашада марихуананы заңдастыру мәселесі бойынша штатта өткен референдумда жергілікті тұрғындардың басым көпшілігі бұл идеяға қолдау көрсеткен болатын. Марихуананы өсірумен, сақтаумен және пайдаланумен 21 жастан асқан азаматтар ғана айналыса алады.

 

Габалин радары тоқтатылды

Ресей  Әзербайжандағы Габалин радиолокациялық стансаны пайдалануды тоқтатты. Бұл туралы Әзербайжан сыртқы істер министрлігінен хабарлады.

Хабарда айтылғандай, Мәскеу мен Баку радарды арендалау шарты туралы ортақ келісімге келе алмаған. Кейбір мәлімет көздерінен белгілі болғанындай, Габалин радиолокациялық стансасы жұмысының тоқтауына байланысты Ресей қысқа мерзім ішінде Армавирде «Воронеж-ДМ» үлгісіндегі радарды толық қуатында іске қосуды жоспарлап отыр. Таяу уақыттарда Ресей қорғаныс министрлігі  ескірген радиолокациялық стансалардан мүлде бас тартып, олардың орнына түрлі диапазондардағы қазіргі заманғы «Воронеж» радарларын орнатпақшы.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.